СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ

31 тамыз күні «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК -да жастар ісі жөніндегі комитетінің және студенттік парламентінің жылдың алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Студенттік парламентің президентін сайлау
2. Жылдық жоспарды талқылау
Жиынның алғашқы сөзін жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Жасулан Советбекұлы алып, студенттік парламентің президенттігіне Бәкір Берік Маратбекұлын ұсынды. Парламент мүшелері бір ауыздан қолдады. Келесі кезекте Берік Маратбекұлы өз алғысын білдіріп, өз қызметін мүлтіксіз адал атқаруға ант беріп, алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып, жылдық жоспармен барлық мүшелерді таныстырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.